Абай облысында интим қызметін көрсеткен 8 әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 7-9 қыркүйек аралығында өткізілген "STOP-трафик" жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында облыс орталығының аумағында орналасқан екі жердегі боди-массаж салондарында жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды анықтады.
Интим қызметін көрсеткен қыздар Алматы қаласының, Қарағанды, Павлодар облыстарының тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың жеке басын анықтау үшін үш қыз қабылдау бөлмесіне орналастырылды. Барлық қыз қылмыстық есепке қойылды.
Қазір притондар анықталған үй-жайлардың меншік иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабына сәйкес құжаттарды жинау жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясымен 100 АЕК немесе 300 мың теңгеден аса айыппұл соммасы қарастырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!