Абай облысында ерлі-зайыпты "синтетикамен айналысқан" деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жүргізушіге кідіріссіз жеке тінту жүргізу барысында оң аяғының шұлығынан синтетикалық үлгідегі, ақ түсті ұнтақ заты бар зип-пакет тәркіленді. Сонымен бірге көлік құралын тінту барысында артқы орындықта жатқан жол сөмкесінің ішінен дәл сондай зат бар 2 жинақ тәркіленді.
Зерттеуге ұсынылған зат жалпы салмағы шамамен 400 грамм болатын A-PVP, психотроптық затының аналогы.
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!