- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында ер...
Абай облысында ер адам әйелдерді киімдерінің астынан суретке түсірген
Абай облысында белгісіз ер адам әйелдерді киімдерінің астынан суретке түсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі барысында анықталған.
Тәртіп сақшылары облыс орталығының 55 жастағы тұрғынын анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер.
Осы баптың санкциясымен он бес күннен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген. Материал шешім қабылдау үшін Семей қаласының әкімшілік сотына жіберілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина