Абай облысында екі жасөспірім суға батып кетті

Абай облысында екі жасөспірім суға батып кетті
Фото: depositphotos.com

Абай облысында қайғылы жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Нахаловка ауданында Ертіс өзенінде екі бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға 12 шілдеде болған. 2015 және 2016 жылы туған балалардың сүйегін құтқару қызметінің мамандары судан алып шыққан.

Осыған байланысты Абай облысының Полиция департаменті ата-аналарға үндеу жасады. Мамандар балаларды су маңында қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ, олардың қайда және кіммен жүргенін үнемі бақылауға шақырды.

Қазір полиция қызметкерлері су айдындарында профилактикалық рейдті жалғастырып жатыр. Мамандар балалардың қауіпсіздігі ата-аналар мен ересектердің ортақ жауапкершілігі екенін айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget