Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауылдардың бірінде өрт шығып, жергілікті тұрғынның шөбі өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтады.
"Үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген мектеп оқушылары сіріңкемен аңдаусызда шөп өртеп жіберген. Балалар келтірген залал 4 миллион теңге болады. Енді бұл соманы олардың заңды өкілдері өтеуі керек", - деді полиция.
ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша соталды тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!