• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Абай облысында дәмхана қызметкерлері 13 млн теңге жымқырған

Абай облысында дәмхана қызметкерлері 13 млн теңге жымқырған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Абай облысында дәмхана қызметкерлері 13 млн теңгеден аса қаражатты өз шоттарына заңсыз аударып отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Танымал кафе желісінің иесі шотында қаражат жетпейтінін байқап, полицияға жүгінген. Кәсіпкердің айтуынша, 2024 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін кассадан 13 миллион теңгеден аса қаражат жоғалған.

Тергеу барысында бұл қаражат екі қызметкердің жеке шоттарына тұрақты түрде аударылып отырғаны анықталды. Күдіктілер басшылықтың рұқсатынсыз, мобильді қосымша арқылы аударым жасап, мекеменің қаржысын өз мақсатына пайдаланған.

Полиция пікірі

Полицейлер күдіктілерді жылдам анықтап, оларды бөлімшеге жеткізген. Жұмысшылар өз кінәсін мойындағанымен, ұрланған қаражатты қайтару мүмкін болмады. Олардың айтуынша, бүкіл сома жеке қажеттеріне жұмсалған.

"Қазір аса ірі мөлшердегі шығын дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget