Абай облысында бұрынғы сүйіктісінің қыр соңынан қалмаған ер адам сотталды

Абай облысында бұрынғы сүйіктісінің қыр соңынан қалмаған ер адам сотталды
Фото: ЖИ

Абай облысының 28 жастағы тұрғыны бұрынғы сүйіктісін аңдығаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адам қарым-қатынас үзілгеннен кейін әйелді қайта-қайта мазалап, оның үйіне, жұмыс орнына барған, әртүрлі нөмірден хабарласып, хабарламалар жіберіп, байланыс орнатуға тырысқан.

"Оның бұл әрекеті жүйелі сипатқа ұласып, күдікті ер адам әйелге моральдық қысым көрсетіп, психологиялық зиян келтірген", - деп жазылған хабарламада.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады. Сотталған адам өз ісіне өкінетінін айтқан. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда бұрын бірге тұрған әйелін қорқытқан ер адам сотталды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget