Абай облысында бірнеше мектеп оқушылары онлайн оқиды

Ауа райының қолайсыз болуына байланысты Абай облысында бірнеше мектеп онлайн оқиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысында 2024 жылғы 26 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты I ауысымда:

  • Көкпекті ауданының 2 мектебінің 1-11 сынып (от -33 до 39 С), 3 мектебінің 1-4 сынып, 2 мектебінің 1-9 сынып;
  • Бородулиха ауданының 8 мектебінің 1-4 сынып (29 С);
  • Ақсуат ауданының 18 мектебінің 1-11 сынып (от -34 до 35 С) оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!