- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында бір...
Абай облысында бір үйдің 2 баласы із-түзсіз жоғалып кетті
Абай облысында 7 сәуірде Семейде әпкелі-інілі бір үйдің балалары жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өңірлік ведомсвто мәліметінше, олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елдімекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Берілген нұсқаулыққа сәйкес, жоғалғандар - 2005 жылы туылған Алтынай Әбішева және 2008 жылғы Абзал Әбішев.
"Алтынайдың белгілері: бойы - 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - қара. Үстінде етегі тізеге дейін жететін жасыл болон курткасы, қара түсті футболкасы, қара түсті кроссовкасы бар. Абзалдың белгілері: бойы - 175-180 см, дене бітімі - арық, шашы - ашық түсті, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстінде - қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка. Егер суреттегі жасөспірімдердің орналасқан жерін білген болсаңыздар, 102 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы