- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында биыл...
Абай облысында биыл 100 208 оқушы оқу жылын аяқтайды
Абай облысында биыл 100 208 оқушы оқу жылын аяқтайды.
Оның ішінде 9-11 сынып түлектері - 13977. 9 сыныптан кейін 2823 оқушы колледжге тапсыруды жоспарлап отыр.
4034 түлек жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсырады.
Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев мәлім етті.
- Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтары 31 мамырда аяқталады. Мектеп бітірушілер үшін соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді, деді Ахметқалиев.
Сонымен қатар, басқарма басшысы облыстың барлық мектептерінде ағымдағы жылдың 22 маусымында аттестаттарды тапсыру рәсімі өтетінін жеткізді.
- Өткен жылдардағыдай мектеп бітіру кештеріне ақша жинауға, оның ішінде лимузиндерді және ойын-сауық орындарын жалға алуға қатаң тыйым салынады, - деп еске салды Нұржан Ахметқалиев.
Жазғы демалысты ұйымдастырудың үш негізгі бағыты бар:
- сауықтыру лагерьлерін ұйымдастыру;
- балаларды жазғы іс-шаралармен (мектеп лагерьлері, қосымша білім беру ұйымдары), оның ішінде жекелеген санаттағы балаларды қамту;
- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Абай ауданы аумағында 12 балалар сауықтыру лагері бар, оның ішінде:
- 9 мемлекеттік (2 лагерь басқа ұйымдардың балансында, 7 лагерь білім беру ұйымдарына бағынысты) және 3 жеке лагерь бар. 1952-1990 жылдар аралығында 9 лагерь, 2000-2021 жылдары 3 лагерь пайдалануға берілді. 12 лагерьдің - 9-ы типтік, 3-і бейімделген.
Географиялық тұрғыда 7 лагерь Семей қаласының аумағында, 5-і ауылдық жерлерде, оның 2-еуі мектеп ғимаратында орналасқан.
- Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында балалар лагерьлері жоқ, бірақ әлеуметтік осал санаттағы балалардың демалысы облыстың басқа аудандары мен қалаларындағы лагерьлерде ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда лагерьлердің қызметін ұйымдастыру бойынша жөндеу, сумен жабдықтау, өрт қауіпсіздігі, абаттандыру және басқа да шаралар пысықталуда, - деп түйіндеді сөзін Нұржан Ахметқалиев.
Абай облысының әкімдігімен ұсынылған материал
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина