Абай облысында бас есепші екі есе жалақы алып, жұмыс істемейтін күйеуіне де ақша аударып отырған

Абай облысында бас есепші екі есе жалақы алып, жұмыс істемейтін күйеуіне де ақша аударып отырған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Абай облысында білім беру мекемесінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мақаншы ауданының прокуратурасы Қарабұтақ орта мектебінде бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады.

"Мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі есе жалақы есептеп отырған, сондай-ақ, іс жүзінде жұмыс істемеген жұбайына заңсыз жалақы аударған. Заңсыз әрекет салдарынан 18 млн теңгеден аса бюджет қаражаты жымқырылған", - деп жазылған Абай облысы прокуратурасының хабарламасында.

Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Келтірілген залал ішінара өтелген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget