- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында баласына...
Абай облысында баласына алимент төлемеген тұрғын бас бостандығынан айырылды
Абай облысында баласына алимент төлемеген тұрғын бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Риддердің 31 жастағы тұрғынына сот үкімі бойынша алимент төлемегені үшін бір жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған болатын, төрт жыл бойы әйел алимент төлемеген және ұлына шамамен 3 млн теңге қарыз болды.
Бірақ соттың шешіміне қарамастан және пробация қызметінің есебінде тұрған кезде де ол өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, жазаның өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзып келген. Сотталған әйел пробация қызметінің берілген жазасын өтеуден жалтарып, есеп беруге келмей, тексеру кезінде тұрғылықты жері бойынша үйінде болмаған.
Сол үшін шектеу жазасы жеті ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
"Күйеуім екеуміз алкогольдік ішімдікке құмар болдық, сол үшін бізді ата-ана құқығынан айырды және пробация қызметінде есепте тұрғанда алимент төлеуге бізді сот шешімімен міндеттеді, істің бұлай насырға шабатынын, аяғы осындай болып кететінін түсінбедім, мен бұл үшін ештеңе болмайды деп ойлап, сот шешімін елемедім. Қазір менің ұлым 12 жаста, мен ол үшін жақсы ана болмағаныма өкінемін, оның алдында өзімді кінәлі сезінемін, ол мені кешіреді деп үміттенемін", - деп бөлісті сотталған әйел.
Сотталған әйел қазір жазасын Абай облысындағы әйелдер колониясында өтеп жатыр. Қазір ол карантиндік бөлімде, мекеме қызметкерлері онымен түсіндіру және тәрбиелік сипаттағы әңгімелер өткізеді.
"Карантин бөлімінен кейін ол тігін цехына жұмысқа орналасады және жалақыдан алимент бойынша берешекті төлейді", – дейді арнайы бөлім бастығы Светлана Голикова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина