Абай облысында балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы Үржар ауданының прокуратура өкілдері Науалы балалар үйінің әкімшілігі қызметкерлері бюджет қаражатының 6 миллион теңгеден аса қаржы ұрлағанын анықтаған.
"Балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төледі, жоғары сыйлықақылар мен іссапар шығындарын тізімдеді. Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды, онда тиіс жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық болды. Сонымен қатар, мекемеде жұмыс істемейтін "өлі жандарға" жалақы төленген. Балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке залал келтірілді", - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша прокуратура өкілдері Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс соталды тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.
Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!