Абай облысында балабақша бюджет қаржысына 13 тонна шай сатып алмақ болған

Абай облысында балабақша бюджет қаржысына 13 тонна шай сатып алмақ болған
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысы Ақсуат ауданында бюджет қаржысына балабақшаның бірі 13 тонна шай сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ұлан Сәдуақасовтың айтуынша Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында Ақсуат ауданының "Балдырған" балабақшасы 13 тонна шай сатып алуды жоспарлағанын анықтаған.

Аталған департаменттің араласуымен жоспарланған 13 тонна шайдың мөлшері 19 килограммға дейін төмендетіліп, нәтижесінде 57 млн теңгеге жуық қаражаттың талан-таражға түсуіне жол берілген жоқ.

"Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай терезе арқылы мониторингтеу мәселесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер бізге айтарлықтай көмек көрсетеді. Олардың белсенділігінің арқасында жыл басынан бері 97 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Жалпы, І тоқсан қорытындысы бойынша үнемделген қаражат сомасы 347,4 млн теңгені құрады", - деді Ұлан Сәдуақасов.

Жадыра Мұратбекова

Тағы да оқи отырыңыздар: Жүкті әйелдерге қандай екпе салуға болмайды?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz