Абай облысында әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

Абай облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қайғылы жағдай тіркелді. Салдарынан әйел күйеуінің қолынан қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, ер адам ішімдікке әуес болған, әйелін себепсіз қызғанып, жиі ұрып-соққан.

"Алайда әйел болып жатқан жағдай туралы ешкімге хабарламаған, қоғамның айыптауынан қорқып, отбасындағы мәселелерді ұят санап, зорлық-зомбылыққа үнсіз төзген. Кезекті жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері пышақ жарақатынан қаза тапқан әйелді тапты", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!