Абай облысында әйел 5-қабаттан құлап мерт болды, қазір бірқатар сот сараптамасы тағайындалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шығыс объективтің хабарлауынша, оқиға 19 наурызда 343-тоқсан ауданында болған. Әйел 5-қабаттан құлағалы тұрған. Бей-жай қарамаған тұрғындар дереу полицияға хабарлаған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем жеткен. Алайда тұрғындардың ешқайсысы өтіп бара жатқан адамдарға да, полиция қызметкерлеріне де есік ашпағандықтан, подъезге кіре алмаған. Сол себепті оны құтқару да мүмкін болмаған.
Абай облысы полиция департаменті 343-тоқсан ауданындағы 5-қабаттан әйелдің құлау фактісі бойынша Затон полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады.
Қазір бірқатар сот сараптамалары тағайындалған.
ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!