- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында аяқкиімге...
Абай облысында аяқкиімге тапсырыс берген әйел "тосын сый" алды
Абай облысында аяқкиімге тапсырыс берген әйел "тосын сый" алды, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
2 желтоқсанда Үржар полиция бөлімінің "102" нөміріне 59 жастағы әйелден хабарлама келіп түсті. Ол 30 қарашада бір жұп аяқкиімге тапсырыс бергенін, алайда сол күні тапсырысты алған кезде аяқкиімнің орнында өсімдік тектес ерекше иісі бар жасыл түсті зат болғанын хабарлайды.
Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Одан соң қорапты алушы курьердің шатасып, аяқкиім салынған қорап келгенін айтып, полицияға хабар берген әйелмен сөйлескен.
Кейін полиция қызметкерлері қаскөйдің ізіне түсіп үлгереді, нәтижесінде "ізін суытпай" сәлемдемені қабылдап алушыны анықтайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері аудан орталығында 34 жастағы жұмыссыз ер адамды ұстаған. Кідіріссіз жеке тінту жүргізу барысында одан ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар скотчпен оралған картон қорап тәркіленді. Қаскөйдің үйін тінту барысында өсімдік тектес және ерекше иісі бар скотчпен оралған 4 ұқсас қорап табылып тәркіленеді.
Сараптама нәтижесі бойынша, зерттеуге ұсынылған зат салмағы 72 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды. Қазір осы қылмысқа қатысы бар сыбайластарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек