Абай облысында Аягөзден шыққан жерде 100-ден астам көлік тұрып қалды

Абай облысында Аягөзден шыққан жерде 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды. Полиция жағдайды бақылауда ұстап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Боран мен нашар көріну салдарынан Аягөз қаласынан шығатын жолда 100-ден астам автокөлік кептелісте қалып қойды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында жағдайды бақылап, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жүргізушілерге сабыр сақтап, құқық қорғау органдарының нұсқаулықтарына сәйкес әрекет ету ұсынылады. Ауа райы жақсарғанша полиция көлік колоннасын Семей–Алматы тасжолына дейін алып жүруге дайындық жасап жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!