Абай облысында арқанмен сүйреп келе жатқанда көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

Абай облысында арқанмен сүйреп келе жатқанда көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты
Фото: polisia.kz

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші ажал құшты. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға Омбы – Майқапшағай тасжолының 899-шақырымында сағат 01:00 шамасында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Mitsubishi Montero көлігінің 26 жастағы жүргізушісі Жарма ауданы Қалбатау ауылына қарай келе жатып, 27 жастағы ер адам айдап келе жатқан Toyota Estima автокөлігін арнайы арқанмен сүйреген.

Жол бойында арқан үзіліп, салдарынан көлік аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 27 жастағы Toyota Estima жүргізушісі алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орыннда ажал құшты.

​Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан