Абай облысында әкімдіктің лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды

Абай облысында әкімдіктің лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысында әкімдіктің лауазымды тұлғасы "Прокуратура туралы" Конституциялық заңды бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы 2022-2023 жылдар аралығында битумды сату кезінде монополияға қарсы, салықтық және салалық заңнаманың сақталуына Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметінде тексеру жүргізді.

Кәсіпкерлердің жеңілдікпен битум алуға өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау, сондай-ақ битумды біркелкі бөлуді қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталды.

Осы факті бойынша прокуратура облыс әкімдігіне ұсыныс енгізді. Алайда, басқарма басшысының м.а. заңдылықтың бұзылуын жою бойынша барлық қарастырылған шараларды қолданбаған, сонымен қатар қадағалау актісін қарау мерзімін бұзған.

Осыған байланысты ол прокурордың ұсынысы бойынша шара қолданбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина