- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында әкімдік...
Абай облысында әкімдік заңсыз қаулы шығарып жіберген
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
Абай облысында әкімдік заңсыз қаулы шығарып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Бородулиха ауданының әкімдігімен жалпы ауданы 4,3 мың га болатын 15 жайылымдық жерді ауданның арнайы жер қорына заңсыз тапсырылған.
Жер заңдарының нормаларына сәйкес жайылым алқаптары бөлек меншiкке және жер пайдалануға берiлмейдi, яғни олар тек халықтың мұқтажына, мал жаюға арналған.
Елді мекендердің жайылымдық жерлерін заңға сәйкес арнайы жер қорына алу оларды кейіннен қайта бөлуді көздейді.
Прокуратура қабылдаған шараларымен аудан әкімдігі шығарған заңсыз қаулы күшін жойды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина