Абай облысында полиция қызметкерлері 8 жастағы баланы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
11 ақпанда Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Иманғали Мерей Нұржанұлының іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді.
Туыстарының айтуынша, таңертең сағат 10.00 шамасында 8 жастағы бала мал іздеп атқа мінген. Бала кешке үйге оралмағандықтан, ата-анасы оны өз бетінше іздеп-табуға тырысқан. Алайда баланы таба алмай, полицияға жүгінген.
"Баланы іздеу дереу басталды, 15 минуттың ішінде полиция бөлімінің барлық жеке құрамы көтерілді. Полицейлерден басқа іздестіруге еріктілер, жұртшылық және ауданның қамқор тұрғындары белсенді қатысып жатыр", - делінген хабарламада.
Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты баланы іздеу жұмыстары қиындаған. Дегенмен жедел-іздестіру іс-шаралары облыстың көрші елді мекендері мен аудандарының аумағында да жалғасып жатыр.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза 2024. Намаз оқымайтын адамға ораза ұстауға бола ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!