- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында 7...
Абай облысында 7 жасар бала құтқарылды
Фото:
ТЖМ
Абай облысында 7 жасар бала құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Семей қаласында ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Көкабаев Талғат пен Мират Бекетов Ертіс өзенінің жағалауын патрульдеу кезінде "Заря" жағажайының аумағында 2017 жылы туған баланы құтқарды.
Ақпарат жинау барысында баланың ересектердің қарауынсыз қалып, алыс қашықтыққа жүзіп, суға бата бастағаны белгілі болды.
Суға батып бара жатқан баланы көрген Талғат Қонқабаев көмекке асыққан. Баланы жағаға шығарғаннан кейін қызметкерлер оны туыстарына берді. Медициналық көмек қажет емес.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина