Абай облысында 46,5 миллион теңгенің бөлшектерін ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы 24 қыркүйек пен 19 қазан аралығында бейтаныс адамдар айлакерлікпен зауыттың қабырғасын бұзып, кәсіпорын филиалының суық қоймасына заңсыз кірген.
"Олардың олжасы - арнайы техникаларға арналған қосалқы бөлшектер, жалпы құны 46 568 488,41 теңге болады", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында күдіктілер анықталды. Олар алдын ала келісіп әрекет еткен үш ер адам болып шықты. Олардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу әлі де жалғасып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз