- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында 397...
Абай облысында 397 миллион теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Абай облысының прокурорлары 397 миллион теңгенің жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті атқарушы органдардың заңсыз актілері жойылып, 397 млн теңгеге жалпы ауданы 49 мың га болатын 37 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Мұндай шаралардың негізі жер учаскелерін нысаналы пайдаланбау, оларды қосалқы жалға беру, Мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасуы болып саналады.
Сонымен қатар, облыс прокуратурасының наразылықтары бойынша қалалар мен аудандар мәслихаттарының жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету және бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін түзету коэффициенттерін бекіту туралы 4 нормативтік құқықтық актілері жойылды.
Мәселен, бір жағдайда мәслихаттардың шешімдерін қабылдау кезінде күші жойылған жерді аймақтарға бөлу схемасы пайдаланылды, екінші жағдайда күшіне енбеген схема қолданылды. Бұл жер салығының базалық ставкаларының негізсіз өсуіне әсер етті.
Бүгінгі таңда базалық ставкалар сәйкестікке келтірілді, осылайша адамдардың шектелмеген тобының құқықтары қорғалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина