Абай облысында 3 жасар бала иен далада адасып кеткен

Абай облысында 3 жасар бала иен далада адасып кеткен
Фото: ІІМ

Абай облысында атты полицей адасып кеткен 3 жасар баланы иен даладан тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 сәуірде Ақсуат ауданында 3 жасар бала байқатпай үйдің ауласынан шығып, жоғалып кеткен. Таңертең ерте туыстары баланы іздеуді бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан.

Осы сәттен бастап барлық күш тез арада жұмылдырылған. Бірнеше сағаттан кейін атты полиция қызметкері кішкентай баланы айдаладан байқаған. Ол елдімекеннен алыс жерге кетіп қалған.

"Сағат 14:00 шамасында бала елдімекеннен шамамен 3 шақырым жерден аман-есен табылды. Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Ал полицейдің баланы тапқан сәтте "айналайын, келе ғой" деп шақырған видеосы желіні тәнті етті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget