Абай облысында 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, "Шетелдік" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.
"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр" - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!