- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында 18...
Абай облысында 18 миллион теңгеден астам берешегі бар жүргізуші анықталды
Фото:
polisia.kz
25 қарашада Абай облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызмет басқармасының іздеу тобының қызметкерлері Hyundai Creta автокөлігін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның иесі - мемлекеттік аграрлық корпорацияның пайдасына кредиттік қарыз бойынша қасақана борышкер.
Берешек сомасы 18 млн теңгеден асады. Ұсталған автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, бұл - сот атқару құжатын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-қимылдардың бірі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан