Абай облысында 15 тонна шөп өртеніп кетті

Абай облысы Ақсуат ауданы Сәтбаев ауылы Байзақов көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің аумағында шаруашылық құрылысы мен 15 тонна шөп жанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өртсөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт 120 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға үндеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!