- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында 15...
Абай облысында 15 жастағы жасөспірім жүкті болып қалған. Жігіт сотталды
Абай облысы Бесқарағай ауданының пробация қызметінің есебінде 15 жастағы қызбен қарым-қатынасқа түскен ер адам екі жылға бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
21 жастағы Сергей мен 15 жастағы Лена (есімдері өзгертілген) әлеуметтік желіде танысып, ұзақ уақыт сөйлесіп жүрген. Бір-бірін ұнатқаннан кейін олар кездесе бастаған, ата-аналары олардың қарым-қатынасына қарсы болмаған.
"Олардың кездесулерінің нәтижесі 15 жастағы Лена жүктілігіне алып келген. Ленаның жүктілігі туралы білгеннен кейін, екі жақтың ата-аналары қыздарының 16 жасқа тола салысымен балаларды бірден үйлендіруге келіскен. Алайда, мектеп медбикесі Ленаның жүкті болғанын біліп, аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Осы тарапта ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша 16 жасқа толмаған азаматтармен жыныстық қатынас үшін жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада.
Аталған баппен Сергей қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
"Сот барлық жағдайды және жәбірленуші мен оның заңды өкілінің оған ешқандай наразылығының жоқтығын және оны жазаламауды сұрамағанын ескеріп, оған екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады. Қазіргі уақытта ол Бесқарағай ауданының пробация қызметінің есебінде тұр. Пробация қызметі оған Лена мен баланы қамтамасыз ету үшін жұмысқа орналасуға көмектесті. Сонымен қатар, оны тұрғылықты жері бойынша үнемі тексеріп отырады, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды зерттейді, әңгімелесулер жүргізеді. Жақында ғана Сергей мен Лена ұлды болды. Сергей өзінің іс-әрекеті үшін барлық жауапкершілікті түсініп, Ленаға барлық жағынан көмек көрсетіп, үлгілі отағасы болуға тырысып жүр", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан