Экология министрлігі Абай облысында орман шаруашылығының 14 қызметкерінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша жүргізіліп жатыр.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта өртті сөндіруге қатысқан бес жұмысшының кім екені анықталды:
Өрт сөндіру орнында табылған тағы тоғыз адамның жеке басы анықталып жатыр.
Бұған дейін орман шаруашылығының 14 қызметкерінің қаза тапқаны белгілі болған еді. Экология министрлігі қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!