- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында 10...
Абай облысында 10 жастағы бала құтқарылды
Фото:
ТЖМ
Абай облысында 10 жастағы бала құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Семей қаласында жедел құтқару жасағының құтқарушысы Ибраев Аян Ертіс өзенінің аумағында патрульдеу жүргізу кезінде қалалық жағажай аумағында 2014 жылы туған баланы құтқарды.
Ақпарат жинау барысында бала ересектердің қарауынсыз қалып, алыс қашыққа жүзіп, суға бата бастағаны анықталды.
Суға батып бара жатқан баланы көрген Аян көмекке асығып, баланы жағаға жеткізді. Балаға медициналық көмек қажет болмады.
"ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды! Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз!" - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова