Абай музейінің «Алтыны»

Абай музейінің «Алтыны»
Фото: Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының баспасөз қызметі

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы Ұлттық бизнес-рейтингінің қаржы-экономикалық нарықтық саралауының нәтижесінде Қазақстанның музей саласындағы мекемелерінің үздік ондығына еніп, «Алтын» рейтингісіне ие болды.

Осыған дейін ұлы ақын музейі 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Сала көшбасшысы» атанып, Ұлттық бизнес-рейтингінің арнайы сертификаты және естелік медалімен марапатталған болатын.

Бұл марапат музей коллективін Абай Құнанбайұлының бірегей мұрасын сақтау мен насихаттау ісінде жаңа жетістіктерге ынталандырады.

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының 
баспасөз қызметі

 

Г. Берік