Абай мұрасына қатысты Өзбекстан Президентінің сөзі

Абай мұрасына қатысты Өзбекстан Президентінің сөзі

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев  кеше, 13 наурызда қазақтың ұлы ақыны хакім «Абайдың  шығармашылық мұрасын игеру және кең түрде насихаттау құжатына» қол қойды.

Өзбекстан Республикасы 13 наурыздағы ПҚ 3598 санды құжатында былай делінген:

«Ұлы ақын,  ағартушы, ойшыл, достық пен жақсылық жаршысы Абай Құнанбаевтың есімі, мол мұрасы тек қазақ халқы ғана емес, мұқым түркі халықтарының, оның ішінде өзбек халқының да жүрегінде өшпестей із қалдырған. Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттері ортасындағы достық пен өзара байланыс жаңа белестерге көтеріліп жатқан бүгінгі күнде Абай Құнанбаев сияқты ұлы ғалымдардың өлмес мұрасы еліміз үшін маңызды рөл атқарады. Абай Құнанбаевтың адами құндылықтар – ар, иман сезімдері кең түрде насихатталған әдеби шығармалары, ғибратты өмірі, қоғамдық істерімен жұртымыз мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан қызметін ескере отырып, өзара мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту, елімізге қазақ ұлыларының шығармаларын кең түрде насихаттау мақсатында:

1. Өзбекстан Республикасы Мәдениет минстірлігі, Жоғары және арнайы білім беру  минстірлігі, Сыртқы істер минстірлігі, Өзбекстан баспасөз және ақпарат агенттігі, Өзбекстан Жазушылар Одағы, Өзбекстан ғылым академиясы, Республика мәдени-ағарту орталығы, Минстірлік мекемесіндегі халықаралық байланыс және шетел мемлекеттерімен достық қарым-қатынастар комитеті және де қауымдастық өкілдерінің еліміздің Қазақстан халқына, оның қайталанбас әдебиеті мен мәдениетіне, зор болашағына деген құрмет пен сенімнің айқын көрінісі ретінде ұлы қазақ ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбаев мәдени мұрасын кең түрде игеру және насихаттау жайындағы ұсыныстар қабылдансын.

2. Ұлы қазақ ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбаевты кең түрде игеру, насихаттауды қолға алу бойынша  ұйымдастыру комитеті құрамы өтінімге сәйкес қабылдансын.

3. Ұйымдастыру орталығы 1 ай ішінде Абай Құнанбаев әдеби мұрасын кең түрде насихаттау  бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын құрып шықсын.

Осы іс-шара жоспарында:

Абай Құнанбаевтың «таңдамалы шығармалар» жинағын, «Өзбек-қазақ әдеби байланыстары» мақалалар топтамасын баспаға дайындау, басып шығару;

Низами атындағы Ташкент мемлекеттік  педагогика университетінде «Абай және Өзбек әдебиеті»  атты тұрақты экспозиция құру;

Әр жылы, ақынның туған күні 10 тамызда Ташкент шаһарындағы ескерткешіне гүл қою рәсімі мен мүшайра өткізу;

Оқушылар мен студент жастар арасында «Абай шығармаларының шебері» атты шығарма байқауын өткізу;

 Жалпы, байланыс-ақпарат құралдары тарапынан Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы жөнінде хабарлар тарату;

Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы жайында  түсірілген көркем және деректі фильмдерді Өзбекстан  Ұлттық телерадиокомпаниясы телеканалдары арқылы көрсету;

Мемлекетіміздегі жоғары және арнайы білім, өнеркәсіп, әскери бөлімдердерде, ауыл-аймақтарда танымал ақын-жазушылар, ғалымдар қатысуымен әдеби кештер өткізілсін;

4. Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі, Өзбекстан Ұлттық телерадиркомпаниясы, «Әлем» ақпарат агенттігі және басқа да ақпарат агенттіктерде қаулы шешіміне байланысты оқиғаларды таратып отыру міндеттелсін;

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Өзбекстан Республикасы премьер-министрі А.Арипов және Өзбекстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі Х.Султанов міндетіне жүктелсін.

 

Өзбекстан Республикасы Призиденті:

Ш.Мирзиеёв.

 

Т. Раушанұлы