- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Абай жастары" тұрғын...
"Абай жастары" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Биылғы желтоқсан айында Абай облысында "Абай жастары" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Massaget.kz өңірлік әкімдіктің telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен, ағымдағы жылдың желтоқсан айында "Абай жастары" бағдарламасы іске қосылады.
Бағдарламаның әкімшісі "Семей қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы" ММ бөлімі. Әкімдік бағдарламаны "Отбасы банк" АҚ бірлесіп жүзеге асырады.
Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Оның құрамына түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді.
Қазіргі уақытта халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаның ережесі әзірленді. Қатысу шарттары 1 желтоқсанда Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.
А. Жапатова