- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- қолайсыз ауа райы
Абай және ШҚО облыстарында тағы бірнеше жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы боран салдарынан бірнеше жол учаскелері автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
2025 жылғы 30 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Абай облысы
Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін).
Жолды 2025 жылғы 31 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас автожолының 383-900 шақырым аралығындағы учаскеде (Қайнар ауылынан Сәтбаев ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 31 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
ШҚО
Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 31 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова