- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай даңғылын жөндеу...
Абай даңғылын жөндеу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр
Абай даңғылын жөндеу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, жол жұмыстарын жүргізу үшін жаңа учаскелер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай даңғылындағы жол жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қазіргі уақытта батыс бағытта Достық даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі және шығыс банытта Тілендиев көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі учаскелерде жөндеу жұмыстары толық аяқталды-онда көлік құралдарының қозғалысы толық көлемде қалпына келтірілді.
Жұмыс Байтұрсынұлы көшесінен Есентай өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі учаскеде басталады. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 17 шілдедегі сағат 23-00-ден 19 шілдедегі сағат 06-00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағымен толық жабылатын полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізілетін болады;
Жабық учаскені айналып өту Шевченко көшесі, Құрманғазы көшесі, Байтұрсынұлы көшесі, Сәтбаев көшесі арқылы жүзеге асырылады. Байтұрсынұлы көшесі бойынша көліктің өтпелі қозғалысы қолжетімді болады.
Шагабутдинов көшесінен оңтүстік бағытта Абай даңғылына өту және Шәріпов көшесіне Абай даңғылынан солтүстік бағытта өту 17 шілде сағат 23-00-ден 19 шілде сағат 06-00-ге дейін шектеледі.Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 3 экипажы жұмылдырылатын болады.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу учаскелері туралы өзекті ақпарат Қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми беттерінде, сондай-ақ ГАЖ 2-қосымшасында қолжетімді болады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда алғаш рет құрамдағы полимерлерді пайдалана отырып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70°C), сондықтан ыстыққа көп әсер етпестен оңай төтеп бере алады, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді – Қазіргі 5 жыл жұмыс істеудің орнына 8-10 жыл.
Жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина