- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай болыңыз! Ыстық...
Абай болыңыз! Ыстық ванна қабылдау денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін
Ыстық ванна қабылдау денсаулыққа пайдалы саналады. Кейбір мамандардың айтуынша, олар жүйке жүйесін босаңсытады, метаболизмді тездетеді және қысымды қалыпқа келтіреді. Алайда бәріне бірдей ванна қабылдауға болмайды, ал оған тым көп түсу тіпті қауіпті болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ыстық ваннаны жиі қабылдау терінің қорғаныш қабатын жуып, оны құрғатады. Ал бұл қартаю процесін тездетеді. Температурасы 40 градусқа жететін ыстық су ваннасында 5 минуттан артық отыру тамырлар мен жүрекке теріс әсер етеді.
Сондықтан сарапшылардың сөзінше, судың температурасы 35 градусқа дейін болуы керек, оны 15 минутқа дейін қабылдауға болады.
Сондай-ақ ыстық ванна жүрек соғу жиілігін арттырады, қан қысымын төмендетеді, бұл бас айналуға әкеп соқтырып, естен танумен аяқталуы мүмкін.
Кімдерге ыстық ванна қабылдауға болмайды?
Дене қызуы бар, жедел сатыдағы жүрек аурулары, тыныс алу органдары, туберкулез, тромбофлебит, қан тамырлары проблемалары бар адамдарға ыстық ванна қабылдауға мүлде болмайды. Сонымен қатар жүктіліктің екінші триместрінде де абай болған жөн. Тағы бір ескертетін жайт –суықта біршама уақыт жүріп қалған адамға ыстық ванна қабылдауға болмайды. Ол тіпті қолын ыстық сумен жумауы керек, температураның мұндай күрт өзгеруі қан тамырларының булығуын тудырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә