- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай болыңыз! Қазақстанда...
Абай болыңыз! Қазақстанда пәтер алаяқтары жаңа тәсіл ойлап тапқан
Қазақстанда пәтер алаяқтары жаңа тәсіл ойлап тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Пәтер алаяғын Өскеменнің тұрғыны ұстап алған. Ол тұрғын үйді сату туралы хабарландыру жариялаған. Оған әлеуетті сатып алушы жауап берген. Ер адам үйді бір шартпен сатып алуға келіскен. Ол үшін үй иесі керілген төбені жасап, темір есік қоюы керек еді. Ер адам әйелге тез әрі сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізетін таныстарының нөмірін берген. Қала тұрғыны алаяқтарға бірнеше жүз мың теңге аударған. Кейін жөндеуші де, сатып алушы да ізін суытқан. Жәбірленуші полицияға хабарласқан.
"Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 40 жастағы ер адам болып шықты. Өтініш берушіге ақшаның жартысы ғана қайтарылды, қалғанын ер адам жұмсап тастаған. Қазір оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының алаяқтық бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Өскемен ІІД баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек