Әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманованы күйеуінің туыстары жылатып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы танымал блогер Фариза Жұманова әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Оның айтуынша, Абай Бегейдің 16 жастағы қызының тұрмысқа шығып кетуіне де, ұлының бөлек шығуына да әншінің әйелін кінәлап жатыр екен.
"Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан. Қаншалықты осыған шыдар екем?! Қашып кететін жер бар ма?! Мені барлық нәрсеге кінәлау жеңіл шығар. "Сымбатты кетірдің, Жалғас пен келінді сыйдырмадың" деп ойлауға миы жеткен туыстар, аман болыңдар. Басқа айтарым жоқ. Менің естіген рақметім осы болса, жақсы. Бүгін өзіме қатты жылап, ішкі дүниемді шығаруға рұқсат бердім. Әлеуметтік желі аздай, бүгін жақын адамым мені қатты сындырды. Әр нәрсеге қайыр бар, енді мен одан да мықты боламын", - деді әншінің әйелі.
Еске салайық, жақында Абай Бегейдің 16 жастағы қызы Сымбат тұрмысқа шыққанда желі қолданушылары бұл оқиғаға Фариза Жұманованы кінәлап, түрлі пікір жазған еді. Бірнеше күн бұрын Абай Бегейдің үлкен ұлы келіншегімен бөлек шыққанда да әншінің әйелі туралы түрлі нәрсе айтылды. Өзінің психологиялық қысымға ұшырап жатқанын айтқан блогер желідегі парақшасында жылап та алды.
Айта кетейік, жақында сұхбат берген Фариза Жұманова алғаш тұрмысқа шыққанда Абай Бегейдің бірінші некесінен туған балалары онымен сөйлеспей қойғаны туралы айтып берген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!