Абай Бегейдің әйелі қызын “сыйдырмады“ дегендерге жауап берді

Абай Бегейдің әйелі қызын “сыйдырмады“ дегендерге жауап берді
Фото: instagram/fari___za____zhan

Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова әлеуметтік желіде оқырмандардың сынына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер келіншекке "Абай Бегейдің қызын сыйдырмады, құтылу үшін тұрмысқа беріп жіберді" деген сын тағатын желі қолданушылары көп екен. Фариза Жұманова әлеуметтік желідегі парақшасында осы тақырыпқа қатысты ойын айтты. 

Желіде тараған видеода әнші Абайдың әйелі: "Жұрт мені "Сымбатты сыйдырмады, құтылу үшін тұрмысқа беріп жіберді" деп жатыр. Бұл - ақылға қонбайтын әңгіме. Симби - ересек адам. Өзі шешім қабылдап, таңдауын жасап, ұзатылды. Мұстафа екеуі ата-анасының батасын алып үйленіп, қазір студент болып, оқуларын оқып жатыр", - деді ол.

Желі қолданушыларының бір тобы блогердің бұл әрекетін орынсыз ақталу деп есептесе, енді бірі жұрттың пікірінен шаршап кеткен деп жазып жатыр.

Еске салайық, біраз уақыт бұрын әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызын тұрмысқа беруі халық арасында шу туғызған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева