Абай Бегейдің әйелі: “4 баласы бар деген ауыр түсінікті алып тастадым“

Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова сұхбат беріп, өнер иесіне қалай тұрмысқа шыққаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фариза Жұманова Жанерке Сейфуллинаның "Айтарым бар" подкастында қонақ болып, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Күйеуіммен магистратура оқып жүрген кезде таныстым. Алты ай сөйлесіп жүрдік. Кейін үйленуге ұсыныс жасады. Алғашында ата-анам қарсы болды. Алайда мен ойымды өзгертпедім. Миымнан 4 баласы бар деген ауыр ойды алып тастадым. Менен жас қыздар баласы бар адамға тұрмысқа шығу қалай болады деп сұрап жатады, мен ондай адамға күйеуге шықпауға кеңес беремін. Бірден жоқ деп айтамын. Өйткені бала деген үлкен жауапкершілік. Маған да алғашында оңай болмады, бірақ қазір барлығына шүкір деймін”, - деді ол сұхбатында.

Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын Абай Бегейдің әйелі оның балалары алғашында жақсы қабылдамағаны туралы айтқан болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз