Танымал әнші Абай Бегей "Аспанға қараймын" әнін қаншаға сатып алғанын әңгімелеп берді. Ол бұл туралы "1001 ТҮН" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, 2007 жылы Алматыға келіп, біраз ән жазған. Оған Лұқпан Жолдасов көмектескен.
"Лұқпан Жолдасов "айтып қарасаң, қалай болады?" деген ұсыныспен маған берді. ...Ол кезде "халтура" дейді ғой, ондай әндерді көбі айтпайтын еді. Мен де ондай әндерді көп айтпайтын едім. "Айтпаймын" деп едім, Лұқпан аға "айтпасаң, Каспий тобы айтады" деді. Сөйтіп, әні, сөзі Дәуір Сағындықовтікі, әнді 30 мың теңгеге сатып алдық. Ол ақша менде жоқ. Ақтауда Жаңабай деген кәсіпкер ағамыздан алдым. Кейін ақшасын қайтарып бердім. Көлігімді сатып, біраз қаражат салып, 30 шақты ән жаздым. Мына әнім соңғы әнім еді. "Осы әнді айтып, Ақтауға кетемін" дедім. Себебі Ақтауда анам ауырып жатты. Бір-екі айдан кейін бе, теңіз жағасында "Аспанға қараймын" айтылып жатқанын естідім. ...Бұл ән танымалдылыққа себепкер болды", - деді әнші.
Айта кетейік, Абай Бегей - белгілі қазақстандық эстрада әншісі. Оның репертуарында "Үрбибі", "Мелодия", "Немерем", "Бомба" секілді әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!