Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Маржан Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!