Ақтөбеде қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде ер адамның қысқы аяқ киімінің табанына мұқият жасырылған екі телефонды тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 31 жастағы М. Қ. есімді азамат абақтыда мас күйінде көлік жүргізді деп айып тағылған күдікті-айыпталушы танысына қысқы аяқ киімнің табанына жасырып, бермек болған.
"Азамат М. Қ. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Оған ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 791-бабы және 795-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбенің мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды", – дейді Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Руслан Оразбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!