- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абаев латын әліпбиіне...
Абаев латын әліпбиіне көшкен соң .ҚАЗ доменінің өзгеруі туралы айтты
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев латын әліпбиіне көшкен соң .ҚАЗ домендерінің қалай өзгеретінін айтты. Латын әліпбиіне 2025 жылы көшу жоспарланып отырғаны белгілі. Яғни, 2025 жылға қарай іс-қағаздарын жүргізу, мерзімді басылымдар және оқулықтардың барлығы латын әліпбиінде басылыпады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың соңына дейін жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартталған нұсқасын енгізу жоспарланып отыр.
"Қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартталған нұсқасын қабылдаған соң, министрлік .ҚАЗ домендерін латын әліпбиіне аудару бойынша жұмыстар жүргізеді", - деп түсіндірді Абаев.
Кеше президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа латын әліпбиі көрсетілген болатын. "Бүгінде жаңа қазақ әліпбиіне қатысты сауалдар қоғамда қызу талқылануда. Бұған көпшілік өз көзқарасын білдірді. Латын қарпіне көші туралы ой сонау Тәуелсіздік алған жылдары болған. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы жұмыс менің ерекше бақылауымда болатын", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.
Г. Берік