Әлемдегі ең танымал YouTube видеохостингіне осы жылдың соңына қарай қолданушылар тек ақшамен тіркелуі мүмкін. Бұл туралы Google браузерінің қолдау қызметі хабарлады.
Қаржы жүйесіне енгізілген өзгерістерге байланысты YouTube қолданушылары айына белгілі бір көлемде төлем жасағаннан кейін ғана видеоконтентке қол жеткізе алады. Сайт тіркелушілері ақылы қызметке өту арқылы жарнамаларды алып тастау мүмкіндігіне ие болмақ. Сонымен қатар, көрілген видеолар қолданушының өз еркімен сақталып, ғаламторға кіру мүмкіндігі жоқ уақытта да іске қосылады.
Айта кетсек, ақылы бөлімге тіркелген қолданушылар тіркелмегендер көре алмайтын видеоконтентті пайдалана алады. Жаңа жүйеге ауысу құны туралы әзірге нақты ақпарат берілген жоқ.
Ескере кетсек, 2006 жылы YouTube видеохостингін сатып алған Google Inc басшылығы жақында толығымен ауысты. Көп өтпей жаңа басшылық аудио тыңдауға арналған ақылы қызмет түрін ұсыну туралы ресми түрде ақпарат берген болатын. Дегенмен, аталған қызмет әзірге іске қосылмады.