Yahoo! Қытайдағы кеңсесін жабады

АҚШ-тың Yahoo! интернет компаниясы Қытайдағы соңғы кеңсесін жабады, – деп хабарлады bbc.com. Бұл туралы inform.kz жазды.

Нақтырақ айтқанда, компанияның Бейжіңдегі әзірлеу және зерттеу орталығының кеңсесі жабылады. Интернеттегі алпауыт компанияға аталған елдегі жергілікті компаниялар бәсекелес болған. Енді кеңседе қызмет еткен 300-ге жуық маман жұмыссыз қалмақ. 

Еске сала кетейік, 2013 жылы Yahoo! Қытайда электронды пошта қызметін көрсетуді тоқтатқан болатын.

Сонымен қатар, Microsoft компаниясы да ақпан айында Қытайдағы 9 зауытының екеуін жабатынын хабарлаған.

сурет: reklamonstr.com