Қытайдың жетекші компаниясы күні ертең жаңа ультражұқа смартфонын таныстыруды жоспарлапты. Бұл туралы Қытайдың GizChina ақпараттық орталығы хабарлап отыр.
Xiaomi компаниясы Android оперативті жүйесі негізінде істейтін MIUI платформасын дайындау мақсатында құрылған болатын. Компания өзінің ең алғашқы смартфонын 2011 жылы таныстырды. Өнімдерінің арзан әрі сапалы шығуы арқасында Xiaomi қазіргі нарықтағы үлесіне жетті. Бүгінде смартфондардан бөлек, теледидар, планшет және ақылды білезік сынды өзге де электрониканы шығарумен айналысып келеді. Негізгі өнімі болған смартфондар нарығындағы сатылым деңгейі әлемде алтыншы орынды иеленеді.
Xiaomi компаниясы ертең Қытай астанасы Бейжіңдегі Ұлттық Мәжіліс орталығында жаңа гаджеттің тұсауын кеспек. Әзірге оның промо суретінен басқа ешқандай ақпарат берілмеді. Сарапшы мамандар суретке қарап оның мінездемесін болжауға тырысып бақты.
Суретте адамның қолы ұстап тұрған жіңішке гаджет қараңғы аяда байқалмай қалған. Ал қытайша жазудың аудармасы «жәндіктің қанатындай жұқа» деген ұғымды білдіреді. Бұл шыққалы жатқан смартфонның өте жұқа болатынын меңзеп тұр.
Егер сізге қызық болса, ертеңгі таныстырудан кейін белгілі болатын смартфон туралы толық ақпаратты шолуды ұмытпаңыз.
Сурет: hi-news.ru
Оқи отырыңыз:
Электронды жабдықтарды жасайтын 3D-принтер сатылымға шықты
Samsung Windows смартфондарына көңіл бөлмек
CES 2015. Жасанды санаға ие алғашқы робот таныстырылды
Blackberry Porsche компаниясымен біріге смартфон шығарды
Samsung компаниясы Apple-ді сынға алды