Қытайдың белгілі компаниясы Xiaomi бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. Ағымдағы жылдың екінші тоқсан сараптамасына орай, қытайлық компания әлемдік нарықтағы шығып жатқан барлық смартфондардың үштен бір бөлігін қамтып отырған корейлік Samsung компаниясынан асып түскен, - деп жазады Yahoo News.
Дегенмен, әзірге Xiaomi компаниясының Қытайда ғана көшбастап жатқанын ескерген жөн. Бірақ Қытай нарығы дерлік әлемдік нарықтың 65 пайызын алғандықтан, сарапшы мамандар оны әлемдік деңгейге көтеріп отыр.
Canalys зерттеу фирмасының берген ақпаратына сүйенсек, Xiaomi Қытайдағы смартфондар нарығының 14 %-ын еншісіне алып отыр. Осы жылдың шілде айына дейін компания жалпы 15 миллион аппарат сатып үлгерген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақыт мерзіміне қарағанда 240 %-ға көп болып тұр.
Жетістікке жетудің құпиясы смартфондардың Apple өнімдері секілді сапалы және оның iPhone құнынан үш есе арзан болуында екен. Әзірге, түскен табыс жұмсалған материалдың құнын ғана жабуға жетуде. Дегенмен, беделі артып жатқаны рас. Смартфондарда жабдықталған платформаның әр аптада жаңарып тұруы Xiaomi компаниясының тағы бір артықшылығы болып отыр.
Сірә, Xiaomi компаниясының өріс алуы уақыт өткен сайын үлкейіп келеді. Google компаниясының топ-менеджері болған Уго Барра (Hugo Barra) өткен жылы Xiaomi компаниясының вице-президенті болғанда, компанияны әлемдік нарықта бәсекелестікке қабілетті ете аламыз дегені шындыққа келіп жатқан сияқты.
Дегенмен, асығып нәтиже айтудың қажеті шамалы. Себебі IT-нарықта Xiaomi-ден оның бәсекелестері Samsung, Lenovo, Yulong және Huawei компаниялары бар-жоғы бірнеше пайызға ғана қалып келеді.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.trustedreviews.com